Коммуналдық дауларды сотқа дейін реттеуді артықшылығы туралы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық соты «Коммуналдық дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылдығы туралы коммуналдық қызметкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Балқаш қалалық сотының төрағасы Н.У.Сыздыков, татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судья К.Б.Бекишева, БАҚ-пен жұмыс бойынша үйлестіруші-судья Н.М.Берликешева қатысты.

Сонымен қатар, шараға коммуналдық қызметтің өкілдері: КСК «Уақыт» -А.С.Кашимбекова, КСК-3-М.К.Алипов, «БЛП» ЖШС-Л.П.Борулько, «Балхашуниверсал» ЖШС-А.А.Калымбергенов, «Балхаш Су» КМК- А.А.Аксанов, «Су Жылу Транс» КМК- Н.А.Гец, С.У.Толпаков, «Казэнергоцентр» ЖШС- Б.Б.Айнабеков, «Казахтелеком» АҚ- А.А.Аңсаған, «МФО Экспресс Займ» ЖШС- С.Б.Сатибекова қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын азаматтық-құқықтық даудың шешу жолдарына, оны сотқа дейін медиацияны қолдану арқылы бітімге келу тетіктерін қалыптастыруға, заңгерлердің жаңа үлгіде жұмыс жасауына, олардың дауларды соттан тыс шешуге бейімдеу қажеттілігіне аударды. Даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот iciн жүргізуге енгізу, ол татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау мәселелері талқыланды.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі