ҚР Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров Қарағанды облыстық сотына іссапармен келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 21-ақпанында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Бекназаров Қарағанды облысы бойынша судьялыққа үміткерлермен кездесті. Судьялыққа үміткеркер 40-тан астам жандармен сұхбаттасу, сонымен қатар, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е. Серекбаевтың, судьялар әдебі жөніндегі комиссияның мүшесі, судья Г.Ибраеваның, Қазыбек би аудандық сотының судьясы К.Нұрмағанбетованың және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі Л. Недзвецкийдің қатысуымен өтті. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен диалог түрінде өткен әңгімелесу өте тартымды әрі пайдалы болды. Үміткерлермен әңгімелесе келе, Бектас Бекназаров судьялардың 6-Съезінде және Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің сот жүйесі алдында Елбасының қойған тапсырмаларына тоқталды.  Бұл – сот құрылымындағы түбегейлі өзгерістер, сот корпусын жасақтаудың жаңа тәртібі, істерді қайта қарауға жіберу мүмкіншіліктерін  заңнамалық тұрғыдан шектеу жолымен созбалаңға салуды жою, сот кадрлерінің жауапкершілігі мен жоғары біліктілігі. Б.Бекназаров судьялардың Сот әдебі туралы Кодексін ұстануы қажеттігін, қазіргі таңдағы сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімдігі туралы және электрондық құжатайналымға біртіндеп өтудің маңыздылығы жайлы айтып өтті. Сұхбаттасудың соңында Б. Бекназаров үміткерлерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен енгізіліп отыратын өзгертулерді үнемі оқып отыруға; мемлекеттік тілді тереңдетіп оқып үйреніп, Қазақстан Республикасының сот өндірісінде қолдануға кеңес берді. Мұндай әңгімелесулер үміткердің танып білуге және оның судья лауазымының талаптарына қаншалықты сай екенін бағалауға мүмкіншілік береді.

      

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы