Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы 1 бөлігімен (ұрлық) көзделген қылмыс жасаған Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азамат К. азамат Т-нің автокөлігінің дөңгелегін шешіп алып, автокөліктен 10 литр жанар майын құйып алған. Жәбірленуші Т-ға барлығы 14 430 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот отырысы барысында тараптар өзара бітімгершілікке келіп, бір-бірінен кешірім сұрап, келтірген зиян өтелгендіктен, тараптардың ұсынуы бойынша медиациялық тәртіппен шешілді.

Жәбірленуші қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Медиациялық келісім сотпен бекітіліп, қылмыстық іс қысқартылды.

 

Источник: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі