МАЭС ет дүкенінің пайдалануын тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РММ-нің жауапкер жеке кәсіпкердің ет дүкенінің пайдалануын тоқтата тұру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында, ет дүкенінің қызметтік шуына, тұрғыннан шағым түскеніне байланысты талапкер жоспардан тыс тексеріс өткізгені анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша, бірқатар санитариялық ережесі бұзылған, атап айтқанда дүкеннің ет шабатын алаңында жууға арналған шұңғылша жоқ, тоңазытқыш жабдықтың және ет дүкенінің желдетуі деңгейі рұқсат етілетін деңгейідін асырып кеткені көрсетілген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, ет дүкенінің пайдалануы үш айға дейін тоқтатылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі