Медиация қолданыста

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шахтинск қалалық сотымен азамат Б.-ның азамат К.-ға жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық залал төлеу туралы азаматтық ісі бойынша медиациялық келісім бекітілді. Осы келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер Б. талаптан бас тартады, ал жауапкер материалдық залал сомасын 2018 жылдың 31 қантарына дейін төлеугеі міндеттелді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен жауапкер басқаратын автокөлік талапкердің автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік басқару құқығынан айырылған. Талапкер А. талап арызда жауапкерден 1 188 409 теңге көлеміндегі зиян мөлшерін өтеуді сұрады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Источник: 
Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі