Мемлекеттік тілде құжат айналымың сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының 2014 жылға арналған мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жайлы жұмыс жоспарына сай, ағымдағы жылдың наурыз айының 19-жұлдызында аудандық соттың судьясы Р. Сағындықованың төрағалық етуімен «Мемлекеттік тілде құжат айналымның сапасын талдау» тақырыбында Қарағанды қаласы Әкімшілігінің, Октябрь ауданы бойынша Салық басқармасының және коммуналды қызмет көрсету мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында  мемлекеттік тілдің даму деңгейіне және мемлекеттік тілде құжат айналым сапасына қатысты мәселелер талқылана отырып,  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуде мемлекеттік мекемелердің атқаруы тиіс жұмыстарына шолу жасалды.

Шараның соңында судья-модератор Р. Сағындықова сот құжаттарының сапалы ресімделіп, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының санының артуы үшін жан-жақты жүйелі жұмыс атқару қажет деп сөзін түйіндеді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы