Мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен Облыстық наркологиялық диспансерінің арызы бойынша азамат С.-ты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу туралы азаматтық іс қаралды.

Арызда мазмұндалғандай, С. жүйелі түрде ішімдік ішумен айналысып, қоғамға сай емес өмір сүруде. Мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар шеңберінде құқық бұзушылық әрекеттер жасауға бейім. Ол нарколог-дәрігерінің есебінде тұр, тұрғылықты жері бойынша жағымсыз жағынан мінезделеді. Өз еркімен наркологиялық диспансерде емделуден бас тартады.

Сотпен азамат С.-ты наркологиялық мекемеге 6 ай мерзімге мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы шешім шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы