№2 Октябрь аудандық сотында жұмыста қайта қалпына келтіру жөніндегі дөңгелек үстел өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында прокуратура өкілдерінің, теміржол мекемесінің заңгерлерінің қатысуымен «Жұмысқа қайта орналастыру туралы істерді сотта қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
2016 жылы аталған санаттағы істердің сотқа түсу саны едәуір көбейді. Жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арыздармен көбіне Сұрыптауда орналасқан теміржол мекемесінің жұмыскерлері жүгінеді.
 Дөңгелек үстелді өткізу барысында талқыланған мәселелердің басты тақырыбы келісімдік комиссияның қызметіне, олардың жеке еңбек дауларын қарау реттері мен мерзімдері қатысты болды. Қойылған сұрақтарға сот толыққанды жауап берді. 

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі