Облыстық сот судьясы Қарағанды Достық үйінде өткен жаңа алфавит жобасын талқылауға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Достық үйінде тек қана студенттер мен оқытушылар ғана емес, сонымен қатар ғалымдар мен лингвисттер, заңтану саласындағы және «Қазақ тілі» облыстық қоғамының оқытушылары жиналды.

Мемлекет басшысы жаңа үлгідегі алфавитпен, енді апострофпен бірге танысты, бұл Достық үйінің конференц залында талқылауға негіз болды, себебі латын графикасын қолдану өмірдің барлық аймағын қозғайды.

Облыстық сот судьясы Марат Азбанбаевтың латын алфавитіне көшу мәселесі бойынша талқылауға қатысуы алғаш рет емес. Ол алфавитті құру нәтижесінде тек графикасы ғана емес, тіл ережесі де өзгереді деп санайды. Бұл жерде оның дыбысталуын сақтау аса маңызды. Тілді қабылдау да үлкен рөл атқарады, сондықтан бұл сұрақ бір ай немес бір жылда шешілмейді, алайда бірлескен қажырлы еңбектің нәтижесінде жүзеге асырылады.

«Құқықтың барлық саласы латын терминологиясына негізделген. Сондай-ақ, формацевтика, медицина, биология және көптеген салалар латын графикасына сүйенеді. Жаңа алфавитке көшу туралы айтқанда, біз Қазақстанның дүниежүзілік стандартқа жақындауы туралы айтамыз»-деп толықтырды өз сөзін судья.

«Президентке ұсынылған алфавиттің бірінші нұсқасы диграфтар негізінде құрылған болатын, онда нақты қазақ әріптері екі дыбыстан тұрады. Бірақ диграфтар тіл ерекшелігін жоғалту қаупін тудырады, сондықтан бұл нұсқаны ауыстыру шешілді»-деп көрсетті «Болашақ» академиясының «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының меңгерушісі, профессор Курмангазы Сембиев.

Біздің облыста жаңа алфавит жобасын қарастыру және талқылау әлі де болса жалғасып жатыр, ұсыныстар мен пікірлер ел ордаға жұмыс тобына жолданады. Кездесу кейіпкерлері әр адамның пікірі есепке алынады,-деп сендірді.

 

 

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі