Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық соты талап қоюшы «СФК ЕКА-Invest» ЖШС-ның жауапкер С.-тан несие қарызы мен баж алымын өндіру туралы азаматтық ісін оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай жауапкерге келісім шарт бойынша 20 ай мерзімге несие  берілген, бірақ жауапкер уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Аталған мерзім ішінде жауапкер С. сотқа талапты толық мойындайтынын және талап етілген соманы төлеуге міндеттенетінін көрсеткен жазбаша пікір берді.

ҚР АПК-нің 146-бабының 5,6-бөлігіне сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Қарқаралы аудандық соты талап қоюшы «СФК ЕКА-Invest» ЖШС-ның талап арызын толықтай қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сома 213 163  теңге несие қарызын және 6 395 теңге мемлекет баж өндіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі