Ортақ меншік болып табылатын мүлік дауы медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотында азамат Р.-дың азамат Д.-ға қатысты ортақ меншік болып табылатын мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралған.
Ортақ меншік болып табылатын мүлікті ерлі-зайыптылардың өзара келісімге келмеуі сотқа талап арызбен жүгінуге себеп болған.
Азаматтық істі қарау барысында тараптар некеде тұрған кезінде жинаған мүлкiн бөлу туралы бітімгершілік келісімге келді.
Бітімгершілік келісім қалалық сотының ұйғарымымен бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.
Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі