Полиция қызметкерінің масаң күйін куәландырудан өту туралы талабын орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотында А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613 бабының 4-бөлімімен (ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) әкімшілік іс қаралды.

Аз.А. «ВАЗ -2108» маркалы көлік құралын басқарған, жол қозғалысы ережелерінің 2.1.4 тармағының талабын бұзып, полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпте масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Сот қаулысымен оған 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі