Пошталық хат алмасу құпиясын ашу салдарынан моральдық зиян өтелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында талапкер Г.-ның жауапкер «Казпочта» АҚ-нан моральдық зиянның орнын толтыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер Г. өзінің талап арызында прокуратурадан түскен қылмыстық тергеуде кәмелетке толмаған қызына қатысты құпия хаты есікте қалдырылғанын, аталған ақпарат жария болғанын және хат тиісті жерге жеткізілмегенін көрсетті. Үйке келу кезінде конверт ашық болып, ішіндегі хат болмаған. Сол себепті жауапкерден 300 000 ақша сомасында моральдық зиянның орнын толтыруды сұрады.

Сот отырысы барысында, тиісті қызмет көрсетпеген жауапкердің кінәсінен хат мекен жайға жетпегендігі, пошталық хат-алмасу қолжетімді болғаны және талапкер Г.-ның конституиялық құпия құқығы бұзылғаны анықталды.

Әділдік, парасаттылық және жеткіліктілік қағидасы негізінде сотпен моральдық өтемнің 70 000 теңге ақша мөлшері анықталып, талапкер Г.-ның моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап арызы жартылай қанағаттандырылды.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі