Салғырттыққа жол бергенінен, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның өз мiндеттерiн қызметiне тиісінше орындамағаны үшін 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданы Бесоба ауылында көктемнің су тасқыны кезінде учаскелік инспектордың салғырттыққа жол бергенінен, үш адам қаза тауып, 3 адам дене жарақатын алды.

Ауыл әкімі участкелік инспекторға УАЗ автокөлігін жүргізушімен бөліп беріп, қауіпті автожол үстімен көлік құралдарының,адамдардың жүруіне тиым салуға тапсырма берген.

Берген тапсырмаға қарамастан, ауыл тұрғындарына қауіпті жолмен жүруге тиым салу орнына, А. оған бөлінген автокөлікке отырып алған оншақты адамдарды басқа ауылға апарып салуға бет бұрған. Қауіпті автожолмен жүріп келе жатқан УАЗ автокөлігі жолдан тайып, суға құлап түсіп, адамдардың өліміне себеп болған.

Қылмыстық іс сотқа кінәні мойындау туралы процестік келісіммен түсті.

Қарқаралы аудандық сотымен ІІБ –нің учаскелік инспекторы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья, құқық қорғау органдарының учаскелік полиция инспекторы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, екі жыл мерзімге  шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі