Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мұрағат – мұрағаттық құжаттардың жиынтығы, сонымен қатар, пайдаланушылардың мүддесі үшін құжаттарды қабылдап, сақтауды жүзеге асыратын мекеме немесе ұйым, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі.
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында сот мамандарымен семинар сабағы өткізілді.
Сот мұрағатының жұмысы соттағы іс жүргізу құрамының бір бөлігі болып есептеледі. Құжаттармен жұмысты дұрыс ұйымдастыру, істерді тұрақты сақтау үшін уақытылы және білікті іріктеу, құжаттарды сот мұрағатына белгіленген тәртіппен тапсыру және оларды тиісті дәрежеде сақталу сот қызметі туралы дәйекті анықтамалық ақпараттарды дер мезгілінде алуда маңызды рөл атқарады. Мұрағатты сапалы толықтыру құжаттардың ведомствалық сақтау сатысында жағдайына тікелей байланысты. Ал, ведомствалық мұрағаттың жоғарғы деңгейі сот жұмысы көрсеткішінің маңызды бір бөлігі.
Семинар барысында мұрағатшымен істерді жинақтап, рәсімдеп мұрағатқа тапсыру және сот мұрағатынан құжаттарды алу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, семинарда сот мәжілісінің хатшылары өздеріне қажетті сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Қайнар: 
Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі