Діни бірлестігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында У. азаматына  қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 489-бабының 9-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау).
У. Балқаш қаласындағы «Карагандинское областное общество Сознание Кришны» жергілікті діни бірлестігінің өкілі. Сот мәжілісінде құқық бұзушы бұзушылық фактісін мойындамай, полиция қызметкерлеріне  құрылтай құжаттарын көрсеткенін айтып, бірақ олар оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырғанын мәлімдеді. Бірлестігі үшін үй жайды жалдау өтеу туралы келісімшарт жасалынған.
Сот қаулысымен У. азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі