Шет аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотында 2017жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына судьялар, сот кеңсе мамандары және «Шет Шұғыласы» газетінің бас редакторы қатысты.

Сот төрағасы Д.Қ.Бурабаев өзінің баяндамасында, қаралған істер санаты бойынша статистикалық мәліметтерді, оның ішінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер санаты бойынша өткен жылмен салыстыра отырып қорытындылап баяндады.

Қорытындылау барысында сот іс жүргізуіндегі қазіргі замануии ақпараттық технологияларды басқару, медиация жолымен дауларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру үшін пилоттық жоба, халықаралық конвенцияларды қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін мүдделі басқа да мәселелер бар жұмысын енгізу жөніндегі жұмыс нәтижелерін баяндамасында атап өтті.

Баспасөз-конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы іс-шараға қатысушыларды сот жүйесінің беделін көтеруге бағытталған жүйелі түрде жүргізілген сот іс жүргізуіндегі жұмыстарды, ай сайын ашық есік күн іс шара барысында азаматтарға құқықтық көмек көрсету, сот жүйесіне деген азаматтардың сенімінің деңгейін көтеру үшін селолық округтерінің тұрғындарымен кездесу өтізілетін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғалуы үшін жағдай жасауды арттыру болып табылатындығын іс-шараға қатысушыларды хабардар етті.

Іс шара соңында сот төрағасы қатысушыларға алғысын білдірді.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі