«Сот актілерін дұрыс рәсімдеу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында судьялардың қатысуымен «Сот актілерін дұрыс рәсімдеу» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Сот төрағасы К.Д.Искакбаев семинар сабаққа қатысушылардың назарын сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік», ақпараттық жүйесінде енгізіп отыруды және соттарда сот актісін рәсімдеу бойынша бірыңғай талаптарын еңгізу мақсатында ҚР Жоғарғы Сотымен ҚР соттармен сот актісін рәсімдеу бойынша Әдістемелік ұсыныстар әзірленгендігін, осы ұсыныстарда көрсетілгендей сот актісінің айқын құрылымы, стилистикалық және грамматикалық дұрыс болу қажет екендігіне аударды.

Семинарды қорытындылай келе қатысушылар нақты мәселелер бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарға түсініктер берді.

Қайнар: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі