Сот баланың туу туралы фактісін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен азаматша Т.-ның 1999 жылы Аида атты қыз баласының туғаны жөнінде фактіні анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралып, шешім қабылданды.

Қыз баланы арызданушы Шет ауданы ауылдарының бірінде өз үйінде туған. Әйелді жергілікті акушер тудырып алған, әйелдің апасы оған көмек жасаған. 90-шы жылдарындағы қиын материалдық жағдайына байланысты, Т. уақытында аудандық орталыққа барып, баланың туғанын тіркемеген. 2008 жылы отбасымен арызданушы Қарқаралы ауданына көшіп келген, Аида мектепке барып, оқуын жалғастырған. Баланың туғаны туралы факті анықтау құқық белгілейтін құжаттарын алу үшін қажет болған.

Сотпен анықталғандай, бала туралы мәліметтер Шет және Қарқаралы ауданының мұрағаттарының, АХАТ бөлімдерінің құжаттарында өтпейді. Мектепке Аиданы шешесі неке қимаған биологиялық әкесінің атына тіркеген.

Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының АХАТ қызметі арызданушының туу туралы жазбаны қалпына келтіру туралы сұрауын қанағаттандырудан бас тартқан.

Іс бойынша куәгерлер арызданушының қызы жоғарыда көрсетілген мән- жайларда туғанын дәлелдеді.

Іс материалдарын зерделеп, куәгерлердің айғақтарын тыңдап, сот Аиданың туғаны туралы заңды маңызы бар фактіні анықтады.

Сонымен, сот шешімі негізінде ол туу туралы куәлікті, бұдан соң жеке куәлігін алуға құқыққа иеленді.

 

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі