Сот еңбеканыны өндіру туралы талап қою арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы Т. жауапкер «М» ЖШС-нен еңбекақыны өндіру және моральдық залалдың орнын толтыру туралы талап қою арызымен жүгінді.

Өзінің арызында Т. «М» ЖШС-де 16.11.2016 - 28.04.2017 жылдар аралығында директор лауазымында қызмет атқарғанын, осы аралықта оған еңбекақы есептелгенін, бірақ төленбегенін, сонымен қатар, 11 күн қолданылмаған еңбек демалысына өтемақы берілмегенін көрсетті. Бұдан басқа, жауапкермен еңбекақыны төлеу міндеттерін уақытында орындау бұзушылықтары болғандықтан, моральдық азап шеккенін негізге алды.

Еңбекақы уақытында төлемегендіктен сот талап қоюшының конституциялық құқығы бұзылды деп танып және қарыз жазбаша дәлелдемемен анықталып, еңбекақыны өндіру туралы талап қою арызын қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі