«Сот кабинеті арқылы аудио-бейне жазбамен танысу тәртібі» туралы семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотында «Сот кабинеті арқылы аудио-бейне жазбамен танысу тәртібі» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Камерленова А. М. және кеңсе мамандары қатысты.

Аудандық сот бас маманы Хамитова Р. Т. кіріспе сөзінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сай, республика соттарында сот отырыстары 100 % аудио-бейне тіркеу (АБТ) жүйесіне тіркелуі себепті, бұл шараның өзектілігін атап өтіп, сот отырысының хаттамаларын сот кабинеті сервисі арқылы аудио-бейне жазба мен танысу, сот өндірісіне түскен тілектерді тіркеу тәртіптерімен таныстырды. Сотқа түскен тілек бойынша судья қаңағаттандыру немесе қаңағатандырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған соң, сот отырысның хатшысы сот отырысының хаттамасының аудио-бейне жазбамен таныстыратынын  айтты.

Семинар сабағында барлық туындаған сұрақтар бойынша нақты түсіндіру берілді.

 

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі