«Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Сот кабинеті» қызметінің ақпараты мен имиджін қолдау мақсатында Қарқаралы ауданының №2 аудандық соты «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кеңсе меңгерушісі Смағұлова Л.Е. судьялар мен сот мамандары арасында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасымен ұсынылған электронды қызметтерді кезең-кезеңмен түсіндіру жүргізілді.

Өз сөзінде мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушыларға тіркеу Сот кабинетінің веб-нұсқасынан айырмашылығы, пайдаланушы тіркелу үшін ЖСН мен ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті екеніне назар аударды.

Мобильдік қосымшада «Істің тізімдерін іздестіруі», «Жіберілген құжаттар», «Хабарлау» сервистері жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, «Техникалық қолдау қызметіне хабарласу» қызметі Call-орталықтардың техникалық қолдау байланысымен танысуға мүмкіндік береді және «Жаңалықтар» сервисі, онда Қазақстан Республикасының Сот жүйесі туралы жаңалықтарды көруге мүмкіндік алады.

Соңында, мобильді қосымша туралы сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар алынды.

Қайнар: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі