Сот медиация тәртібімен дауды шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотымен аз.В.-ның жауапкер аз.С-дан жол-көлік апаты нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында талапкерден медиация тәртібімен дауды реттеу туралы, сонымен қатар келісімді бекіту туралы өтініш түсті. Келісімге сәйкес, жауапкер 181 453 көлемінде талапкерге материалдық шығынды 3 жыл ішінде ай сайын 5 000 теңгеден өтеуге, талапкер жол-көлік апаты нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өндіру талабынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс қысқартылып, талапкерге мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік БАЖ салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі