Сотпен азаматтық іс оңайлатылған іс-жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының № 2 аудандық соты азамат Д.-дан азамат Т.-ға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарады.

Сотпен тараптар арасында несие шарты жасалғаны, шарттың талаптары бойынша талап қоюшы жауапкерге қарыз бергені анықталды. Алайда, жауапкер қарызды қайтару бойынша міндеттерін уақытылы орындамаған.

Өздерінің пікірлерін негіздеу бойынша қарсылықтары мен берілген талаптарының мәні бойынша түсініктемелер мен дәлелдемелерді сотқа ұсыну үшін қараудың оңайлатылған тәртібін түсіндірумен азаматтық істі қозғау туралы ұйғарымның көшірмесі тараптарға жолданған. Жауапкермен қарызды өтегені туралы дәлелдемелер ұсынылмаған.

Сот шешімімен азамат Т.-дан қарыз сомасы өндірілді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі