Сотпен медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша Е-ге қатысты қысқартылған түрде қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Е. жәбірленуші М-ның үйінде бола тұра, үстелдің үстінде жатқан ұялы телефонын көріп қалып, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатымен, өзінің іс әрекетін ешкім бақылап отырмағанына көзі жетіп, ашық түрде, құны 30 000 тұратын маркасы «Samsung Galaxy Ace3» ұялы телефонын қуат беру құралын жасырын түрде жымқырған. Содан кейін, қылмыс жасаған жерінен жасырынып, қылмыстық іс әрекетімен жәбірленуші М-ге жалпы құңы 30 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Сот отырысы барысында талаптар медияциялық келісім ұсынып, кәсіби емес медиатордың қатысуымен бітімгершілікке келді, келісімге сәйкес жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын өтелді, кешірім сұралып, Е.-ге кояр ешқандай талап-тілегі жоқ болғандықтан, оны қылмыстық жауаптылықтан татуласуына байланысты босатуды сұрады.

Сот қаулысымен медиациялық келісім бекітіліп, қылмыстық іс өндіріспен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Осакаров аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі