Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы» Қазақстан  Заңын талқылау бойынша мамандардың қатысуымен семинар сабағы өткізілді. Баяндамамен сот приставы Ш.Тлектес сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Ш.Тлектес семинарға қатысушылардың назарын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына аударып, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативті құқықтық актілерінің талаптарын орындап қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын-алуы керектігін атап өтті.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Источник: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі