Тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық соты азамат Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қарады.

Сотпен азамат Т., өз үйінде тұрмыстық ұрыс-керістің барысында жұбайына былапыт сөйлеп, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйде тыныштықты бұзғаны анықталды.

Сот отырысында азамат Т., жұбайына былапыт сөйлегені жөнінде өз кінәсін мойындап, өкінді.

Сотта, жұбайы құқық бұзушылықтың мән-жайларын растап, құқық бұзушымен татуласуына байланысты, азамат Т.-ға қатысты әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Сот қаулысымен, азамат Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты іс жүргізу қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы