Жанұялық жанжал үшін 2 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушы О.-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 2 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

О. өзінің жұбайына жанжал шығарып, оған сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, балағаттап, намысына тиіп, оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы өз кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы 2 тәулік мерзімге қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі