Жоғарғы Сотта өткен семинар-тренингке қатысып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында 2014 жылдың 28-ақпанында ҚР Жоғарғы Сотымен   «Сот қызметін ақпараттық сүйемелдеу» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылған болатын. Аталмыш шараға облыстық және оған теңестірілген соттардың ұйымдастыру-талдау бөлімдерінің жетекшілері мен баспасөз хатшылары қатысты. Қарағанды облыстық сотының тарапынан судья, қоғам және БАҚ-мен өзара қатынасты үйлестіруші Р. Серғазина, талдау және жоспарлау бөлімінің жетекшісі А. Оспанов, баспасөз хатшысы Н. Қарасартова және баспасөз орталығының бас маманы Ж. Мұхтарова-Зикенова қатысты. Семинар, сонымен қатар, ҚР ЖС қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының төрағасы А. Қасымовтың, Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың  қызметін  қамтамасыз  ету департаментінің  басшысы  І.С. Испановтың, Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің жетекшісі А. Оралбаеваның және ақпараттық-коммуникациалық технологияларды жетілдіру жөніндегі мамандарының қатысуымен өтті. Күн тәртібіне «Сот қызметін ақпараттық сүйемелдеу», «БАҚ-мен өзара қарым қатынастың дұрыс әдістері», «Өзекті сот істеріне дер кезінде пікір білдіру» сынды сұрақтар енді. Қарағанды облыстық сотының судьясы, қоғам және БАҚ-мен өзара қатынасты үйлестіруші Р. Серғазина «Соттар және БАҚ: өзара қатынас үйлесімдігі» тақырыбында баяндама оқыды. Мұндай семинарлар республика соттарының баспасөз қызметтерінің жұмысына өте пайдалы, себебі, олар әр жолы қазіргі заман қоғамының талабына сай жаңа бағыттар беріп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіншілік береді. Семинарлар өзінің пәрменділігі мен қажеттілігін дәлелдеді.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы