12 сотталушыға рақымшылық қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Осакаров ауданының № 2 аудандық сотымен бірнеше тұлғаға қатысты пробация бөлімінен түскен ұсыныстар қаралды.

Пробация қызметі ұсыныстарының дәлелдемесі ретінде, сотталушылардың қылмыстары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4 бабы 2 тармақшасына жататындығын көрсетті.

Сот отырысында пробация қызметі бөлімінің өкілі ұсыныстарды толығымен қолдап, қанағаттандыруды сұрады, сот қаулыларымен пробация қызметі бөлімінің 12 ұсынысы қанағаттандырылды, бір материалы бойынша қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот қаулылары заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі