Ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін айыппұл

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар Жырау ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 127 бабының 1 бөлігі бойынша құқық бұзушы Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ш. өзінің кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және оқытуға байланысты ата-аналық міндеттерін орындамаған, осы уақытқа дейін бала құжатталмаған, яғни баланың туу туралы куәлігі жоқ. Соның салдарынан бала мектепке бірінші сыныпқа қабылданбаған.

Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 15 883 теңге көлеміндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Источник: 
№2 Бұқар Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі