Атыс қаруын заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Е.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың ақпан айында жылқы малдарын бағып жүріп, ешкім тұрмайтын «Рақымбай» қыстағындағы бұзылған үйдің ішінен калибрі 5,6 мм. ойық ұңғылы шолақ мылтықты ішіндегі оғымен бірге тауып алған. Атыс қаруын Е. үйіне алып келіп, заңсыз сақтаған.

Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

5,6 калибрлі шолақ мылтық үкім заңды күшіне еңген соң жойылсын.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі