Балқаш қалалық соты 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс бойынша үйлестіруші судья Н. Берликешева жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының қатысуларымен 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған сот төрелігінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Н. Берликешева баспасөз конференциясында талдамалы кезеңдегі статистикалық мәліметтерді келтірді.

2017 жылдың 1-ші тоқсанында сот өндірісінде 53 қылмыстық іс түскен. Барлығы 46 іс аяқталып, 34 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды, 12 қылмыстық іс бойынша сот өндірісі қысқартылған, прокуратураға қайтарылған қылмыстық және соттылығы бойынша жолданған істер болған жоқ.

Талдамалы кезеңде сотқа жалпы 34 азаматтық іс және 1 301 талап арыз түскен. Талап арыздардың 656 бойынша іс қозғалып, 6 қайтарылған, ал қабылдаудан бас тартылған арыздар болған жоқ. Барлық аяқталған 1 335 азаматтық істің 563 іс бойынша шешім шығарылды, сот бұйрығы 635 іс бойынша шығарылған. Медиация тәртібінде 53 іс аяқталған, бітімгершілік келісім бойынша 1 реттелді.

Сонымен қатар, судья Н. Берликешева БАҚ-пен өзара байланыс бойынша жоспарлы іс шаралар атқарылып жатқанын, сыбайлас жемқорлық бойынша, мемлекеттік тіл бойынша іс шаралар туралы ақпарат бере отырып, соттың жұмысы «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы да жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Соңында үйлестіруші судья бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шараға қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі