Бастысы - балаға қамқор болу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балаларға анасымен болу жақсы деген пікір бар, алайда әрдайым ол олай болмайды. Екі бала 5 жастағы А. және 8 жастағы Б. анасы пайда көру мақсатында Мәскеу қаласына кетіп, өзімен бірге кәмелет жасқа толмаған балаларды алып кеткен.

Мәскеу қаласында балалар антисанитарлық жағдайда, бөтен адамдардың қарауымен болған, мұңлы нәтижесі кәмелет жасқа толмаған А. мен Б.-ға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына балалар ауырған және күтімсіздік күйінде жеткізілді.

Балалардың бақытына орай, әкесі оларды Қазақстан Республикасына, яғни үйіне қайтаруға үміттеніп балаларын іздеуді ешқашан тоқтатпаған. Көптеген органдарды қосып, үлкен күш жұмсап ол балаларын отанына қайтарып алып, оларды оқытып, емдеді.

Қарағанды облысының ювеналдық сотымен балалардың тілегі мен олардың мүддесіне толық сәйкес келетін, кәмелет жасқа толмаған А. мен Б.-ның тұрғылықты мекен-жайын әкесімен деп анықталып шешім шығарылды.

Әкесі кәмелетке толмаған балаларын балаларға қамқор болып және барлық қолайсыз жағдайлардан қорғауын әрі қарай жүзеге асыра береді.

Источник: 
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі