Бір баскан тырмаға тағы басты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат П.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

2017 жылдың сәуір айында П. мас күйінде өз үйінің алдында азамат О.-ға қатысты жанжал шығарып, былапыт сөз сөйлеген, намысына тиетін сөздер айтқан.

Сол күні, П. қоғамдық орнында, яғни өзінің үйінің алдында темекінің қалдығын жерге тастап, қоғамдық жерді ластаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған 15 883 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі