Бұқар-Жырау аудандық сотының төрағасы Шешенкара ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының Шешенкара ауылында аудандық сотының төрағасы Дурдыев Рафаил Ибрагимович азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сот төрағасы қабылдауына ауылдың бірнеше адамдары әртүрлі мәселелер бойынша келді. Ол: пәтерлер мен үйлерге жеке меншік құқығын тану, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтар.

Өзекті мәселелер ертеде сатып алған үйлерін уақытылы тіркеуден өткізбеуі, жер телімдерін алу және тіркеу туралы сұрақтар болып отыр.

Рафаил Ибрагимович Дурдыев қабылдау барысында қойылған барлық сауалдарға толық жауап беріп, сот құзырына жатпайтын сұрақтар бойынша уәкілетті мекемелерге жүгінуге кеңес берді.

Сонымен қатар төраға Р.И.Дурдыев негізгі реформалау бағыттарын түсіндіру мақсатында халықпен кездесу өткізді. Реформаның өзекті мәселесі – қылмыстық ізге түсу, прокуратура және соттың процессуалдық өкілеттілігін ажыратып беру. Жаңа бағдарламаны жасау барысында – басқа мемлекеттердің нәтижелі қолданыстағы қылмыстық құқықтарына толық талдау жүргізілген.

Реформаның негізгі мақсаты – отандық құқықтық саланың ерекшеліктерін ескеріп, европалық үлгі бойынша қылмыстық ізге түсу ұйымдарындағыдай жұмыс істеу.

Қабылдау нәтижесі бойынша ауыл тұрғындары кейде аталмыш мәселелерді шешу үшін қаражаттық жағдайлары аз болғандықтан аудан орталығына жете алмайтындығын айтып, сапарлық қабылдауды өткізгені үшін көп алғыстарын жеткізді.

 

Қайнар: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі