Есірткеге қатысты іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың қаңтар айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Қарқаралы қаласында М. тоқтатылып, тексеру барысында оның үстіндегі қара түсті, баллонды курткасының оң жақ, сыртқы, төс қалтасынан арнайы ерекше иісі бар, жасыл түсті, өсімдік тәрізді зат анықталып алынған.

М. сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабында, анықталған затты «марихуана» есірткі заты екенін, оны тауып алып, өзінің пайдалану мақсатында осы күнге дейін сақтағанын айтты.

Сөйтіп, сотталушы есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған, яғни ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық жасағанына айыпталған.

Басты сот талқылауында М. тағылған айып бойынша өз кінәсін толық мойындап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабын бекітті.          

Сот үкімімен М. кінәлі деп танылды. Оған 100 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі