Есірткіні сақтағаны үшін айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаарқа аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, өткізу мақсатынсыз иемдену, сақтау) бойынша сотқа берілген азамат А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. Қарағанды облысы Жезқазған қаласында қағаз орамадағы өсімдік тектес, қою-жасыл түсті, өзіндік исі бар зат тауып алып, ашып көріп ол заттың есірткі «кептірілген марихуана» екенін біле тұра, есірткіні шегу үшін, оны жеке өзіне жаратуға алып қалған. Сөйтіп ол, есірткіні заңсыз иемденген.

Сот үкімімен А. кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына сот шығындары өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі