Қарағанды облыстық соты мен сот орындаушылары «Ақпараттық жүйелердің өзара электрондық қарым-қатынасынан туындайтын көкейкесті мәселелерді талқылау және шешу» тақырыбы бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облыстық сотында ақпараттық жүйелердің өзара электрондық қарым-қатынасынан туындайтын көкейкесті мәселелерді талқылау және шешу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

Іс-шарада, облыс соттарының кеңсе меңгерушілері,  «Қарағанды облысы соттар әкімшісі»ММ-нің  құрылымдық бөлімдерінің басшылары, аға сот орындаушы Қорлан Мұқашева және Қарағанды облысы бойынша жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасының басшысы Даурен Қуанышев қатысты.

Сот актілерін орындау – сот ісін жүргізудің соңғы сатысы болып табылады және сот шешімдерінің қаншалықты жылдам әрі сапалы орындалуынан тек азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау әдісі ретіндегі сот процедурасына деген сенімінің дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, сот төрелігінің тиімділігінің деңгейі де тәуелді.

Кеңестін модераторы- «Қарағанды облысы соттар әкімшісі»ММ-і басшысының орынбасары Дархан Ахашов өз сөзінде: «Сот актілерінің орындалу сапасына Қарағанды облыстық сотымен жасалған талдау көрсеткендей, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың тарапынан бірнеше мәрте атқару құжаттарын уақтылы тіркемеу және оларды қайтару, атқару өндірісін қозғаудан бас тарту фактілері орын алып отыр, өз кезегінде сот актілерінің уақтылы орындалуы мен орындалу сапасына кері әсерін тигізуде.

Қарағанды облыстық соты мен сот орындаушылары атқару құжаттарын қабылдау барысында осындай әркелкі тәжірибенің орын алуына байланысты, ақпараттық жүйелердің өзара электрондық қарым-қатынасынан туындайтын көкейкесті мәселелерді реттеу үшін бірлескен жұмыс кеңестердің қажеттілігін атап өтті.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-орталығы