Қарағанды облыстық сотында «Дауларды банктер және микроқаржылық ұйымдар туралы заңнамаларды қолданумен қараудағы сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина, облыстық соттың бірнеше судьясы, банктік дауларды қарауға мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сондай-ақ облыстық прокуратура өкілдері, «Доступные деньги населению» ЖШС-нің өкілдері, «Қазақстан Республикасы ұлттық банкі», екінші дәрежедегі банктердің бөлім басшылары және юрисконсульттары қатысты. Модератор азаматтық істер бойынша сот алқасының төрайымы Жанна Сейдалина болды.

Банктік қарыз келісім-шарттарынан туындайтын дауларды қарауда қарыз тұрғын-үй түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда  әсіресе өткір сұрақ туындайды. Қарызды өндіру туралы шешімді орындауда кепілге салынған мүлікті өткізу болуы мүмкін, ол келешекте қолайсыз зардаптар туғызады.

Қазіргі уақытта микроқаржылық ұйымдардардың талап арыздардың көпшілігі соттарда жеңілдетілген (жазбаша) өндіріс тәртібімен қаралады. АК 297 бабына өзгеріс еңгізілгеннен кейін МҚҰ-дан түсетін талап арыздардың көпшілігі тұрақсыздық айыбы негізгі қарыз сомасы мен сыйақының жиынтық мөлшерінен асып түсіп жатыр.

Модератор осы жағдайларды ескере отырып, АК-тің осы нормасын жауапкерлер білмейтінін, сол себепті соттар ұйғарымдарында көрсету қажеттігі айтылып, жауапкерлерге өсімпұл мөлшерін азайту туралы талап-тілек беруге құқығы бар екендігін түсіндіру керек деп аяқтады.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі