Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2017 жылдың 9 айы бойынша сот төрелігін жүргізу қорытындыларын жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ш.К. Сисимбаев БАҚ-пен бірлесе отырып 2017 жылдың 9 айы бойынша соттың жұмысы және қоғамдық маңызы бар істер бойынша брифинг өткізді.

Сонымен, 2017 жылдың 9 айы бойынша 189 тұлғаға қатысты 137 қылмыстық іс түскен. 2016 жылы 149 тұлғаға қатысты 119 қылмыстық іс түскен. 2016 жылмен салыстырғанда 40 тұлғаға қатысты 18 қылмыстық іске артқан.

2017 жылдың 9 айында түскен қылмыстық істерді қорытындылай келе, жеке өмірге қатысты қылмыстық істердің басым екені анықталды, оның ішінде адам өлтіру, адамның өміріне қауіп төндіру.

2017 жылдың 9 айында жеке өмірге қатысты 107 тұлға бойынша 84 қылмыстық іс түскен, 2016 жылы аталған дәреже бойынша 62 тұлғаға қатысты 54 қылмыстық іс түскен. 45 тұлғаға қатысты 30 қылмыстық іске артқан.

2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, жеке өмірге қатысты қылмыстар едәуір артқан. Жасалған қылмыстардың басым бөлігі ішімдік ішу салдарынан, тұрмыстық қатынастарда болады. Қылмыстық істердің көп бөлігі бірге ішімдік ішіп, болмас нәрсеге ұрысып соның салдарынан кісі өлтіру ойы туындағаннан болады. Қылмыстың құралы асханалық пышақ және басқа да заттар болып табылады.

Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстық істер де тоқтаусыз түсуде. 2017 жылдың 9 айы бойынша 20 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелген.

Соттың төрағасы БАҚ-ның қоғамдық маңызы бар істер бойынша қойылған сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
Қарағанды облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі