Қарқаралы қаласында орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотының судьясы Боранбаев Е. М. Қарқаралы қаласының О. Жауәтеков атындағы № 1 орта мектебінің оқушыларымен  «Жасөспірім және қылмыс » тақырыбында дәріс өткізді.

Ерден Боранбаев жасөспірімдер арасындағы қылмыстың статистика жариялап, Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың статистикасының  нашарлағанын, ресми мәліметтер бойынша көрсеткіш 11% жоғарылағанын атап өтті. Ол сондай-ақ, жасөспірімдер арасында қылмыс мөлшерлемесін төмендету жолдарын табу,құқық қорғау және мемлекеттік органдармен қылмысты алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы айтып өтті.

Оқушылардың  мүдделі сұрақтарына, қанағаттанарлық жауап берілді.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі