Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен қысқартылған тәртіпте Д.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 1-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қозғалған қылмыстық іс қаралды.

2017 жылдың ақпан айында профилактикалық іс-шара кезінде Шет ауданы Дарья кентіне 8 шақырым таяу жерде, тіркеу нөмірінсіз, белгісіз маркалы жасанды көлік ұсталған.

Жасанды көлікті тексеру барысында көлік салонынан майда ұңғылы, 1960 жылғы иір ойықты мылтық табылған. Д.-да аталған мылтыққа рұқсат құжаты болмаған.

Сот үкімімен Д. кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі