Әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы 2 бөлігі бойынша (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Родниковский ауылына ағасына келген Ресей Федерациясының азаматына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық ісі қаралды. Сот мәжілісі барысында, құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, ағасына конаққа келгенін растады.

Сот іс материалдарын зерттеп, 34 035 теңге көлеміндегі айыппұл өндіріп алу туралы қаулы шығарылды. Сот ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабы 2 бөлігінің талаптарына сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды есепке алып айыппұлды 30 % қысқартылды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі