Көші-қон аясындағы құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 517 бабының 1 бөлімі бойынша құқық бұзушы Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Д. Қазақстан Республикасының көші-қон аясындағы заңнамаларын бұзып, Қазақстан Республикасында ішкі істер органдарында тіркелмей, мерзімнен артық болған.

Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл түріндегі жазаға тартылды.

Источник: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі