ҚР-ның көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппүл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар-Жырау аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Молдова Республикасының азаматы Я.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.
2017 жылдың 10 сәуірі күні Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданының аумағындағы «Сары-арка» ауежайында төлқұжат тексерісінен өтетін жерде Молдова Республикасының азаматы Я. тоқтатылған, себебі бұл азамат Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны заңын бұзған, яғни ол ішкі істер органдарында тіркеусіз Қазақстан Республикасында белгіленген мерзімінен аса жүрген. Ол Қазақстан Республикасының шекарасына 30.03.2017 жылы келген, 2017 жылдың 3 сәуірінде кетуге тиіс болатын, яғни Қазақстан Республикасының аумағынан кету мерзімін 7 күнге кешіктірген.
Сот мәжілісінде құқық бұзушы Я. Қазақстан Республикасында болу Ережелерін бұзуы немқұрайдылықтан болғанын, кінәсін түсініп, істегеніне өкінетіндігін, айыппұл төлейтінін мәлімдеді.
Құқық бұзушы істегенін түсініп, өкінетіндігін, құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескере, сот Я.-ны 23 825 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

 

Источник: 
Бұқар-Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі