Қылмыстық теріс құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ҚР ҚК-тің 346-бабының 1-тармағында көзделген (көлік   құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы туралы қылмыстық теріс құқық бұзушылық) теріс қылық жасағаны үшін айыпталған аз. Ф.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ф. бұрын Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаулысымен ҚР ӘҚБтК-тің 467-бабының 1-тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жылға мерзімімен көлік құралын басқару құқығынан айырумен айыпталған, сондай-ақ  Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 346-бабының 1-тармағына сәйкес 3 жылға мерзімімен көлік құралын басқару құқығынан айырумен 25 айлық көрсеткіш көлеміндегі айыппұлға тартылды.

Сот отырысында айыпталушы өзінің берген жауаптарымен барлық көрсетілген мән-жайлардың растығын айтып, өз кінәсін толығымен мойындады. 

Сот үкімімен Ф. қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 3 жылға мерзімімен көлік құралын басқару құқығынан айырумен 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі