Лайықты демалысқа шығарып салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық соты сот қызметкері, кеңсе бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы И.Б.Крылованы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құттықтады.

Сот төрағасы Е.С.Сексенов Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің құрмет грамотасын И.Крыловаға табыстап, сот жүйесінің қалыптасуына көп жылдан бері жемісті еңбек етіп үлес қосқан үшін алғыс айтты. Зор денсаулық, бақыт және жұмысына сәттілік тіледі.

Көп жылдан бері И.Крыловамен бірге қызмет еткен әріптестері оны құттықтап алғыстарын айтты.

Қайнар: 
Сәтпаев қалалық сотының баспасөз-қызметі