Материалдық жауапкершілік бойынша қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен материалдық жауапкершілік шарты бойынша қарыз сомасын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Жауапкер ЖШС ұйымында 2014 жылы еңбек шарт және толық материалдық жауапкершілік шарты негізінде жұмысқа қабылданып, қызмет еткен. Ұйымның қызмет көрсету шарты негізінде ұйым шығарған өнімдерді сауда нүктелеріне жеткізеді. Жауапкердің еңбек еткен уақытында 201 051 теңге көлемінде қарыз сомасы анықталды, оның бір бөлігі жауапкердің жалақысынан өтелді.

Жауапкермен кінәсін мойндағаны жөнінде қолхат бар.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 120-бабының 4-тармағына сәйкес, нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық жауаптылықтан босатпайды.

Талапкердің материалдық жауапкершілік бойынша қарыз сомасын өндіру туралы арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Октябрь аудандық сотының баспасөз-қызметі