Медиация тәртібімен қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Осакаров ауданының № 2 аудандық сотымен Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 бабы 1 бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Аталған істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді. Сол себепті, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Келісім шарттары бойынша жәбірленуші К. өзіне келтірілген залалдың толығымен өтелуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін білдіреді.Сонымен қоса, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады және қылмыстық істі қысқартуға келісті. Сот мәжілісінде, келісім бекітілді.

Сотпен істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы қаулы шығарылды, аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Осакаров ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі